Украина-Ресей бейбіт келіссөздерінің екінші кезеңі 2 наурызда өтуі мүмкін

Ресей мен Украина арасындағы бейбіт келіссөздердің екінші кезеңі бүгін өтуі мүмкін.

Рейтер ақпарат агенттігінің хабарлауынша, кездесу Беларусьтің Польшамен шекаралас Брест облысында жүруі ықтимал. Кездесуге Украина делегациясының құрамы өзгертіліп, тағы 2 өкіл қосылуы да мүмкін.

Еске сала кетейік, екі ел арасында бейбіт келіссөздердің алғашқы раунды ақпанның 28-і күні Беларусьтің Гомель облысында өткен болатын. Басқосу 5 сағатқа созылғанымен нақты шешімдер қабылданбады.

Юрий Воскресенский,  саясаттанушы:

- Алдағы келіссөздерде Украина делегациясының құрамы жаңаруы мүмкін. Оған бейбіт келіссөздердің бірінші кезеңіне қатыспаған Украина Жоғарғы Радасының депутаттары кіруі ықтимал.