Санкция салдары ресейліктерге қалай әсер етіп жатыр

Санкция салдары ресейліктерге қалай әсер етіп жатыр

Қазір Ресей қалаларында банкоматтардың алдында ұзын-сонар кезек пайда болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бағаның шарықтауынан тұрғындардың әл-ауқаты төмендегені сезіле бастады. Десе де халық экономикадан бөлек, екі ел арасындағы қарулы-қақтығыстың өршуіне алаңдап отыр.

– Санкцияларға қатты уайымдап тұрған жоқпын. Ресейдің Украина жеріне басып кіруі көбірек алаңдатады. Жазықсыз халықтың қырылғанын қаламаймыз. Соғысты тоқтату керек.

– Алда не күтіп тұрғанын білмеймін. Кез келген уақытта жағдай күрт өзгеруі мүмкін. Күнде тамақтанып жүрген Макдональдс та жабылып қалуы мүмкін. Рубльдың құлдырауы да жағдайды ушықтырып тұр. Орталық банктың жағдайды тұрақтандыруға мүмкіншілігі жете ме,  жетпей ме белгісіз.

– Санкциялар бізге қатты әсер етпейді. Жет елде жылжымалы мүлкі мен шоттарында қомақты қаржысы бар адамдар көп зардап шегеді.