Еуроодақ Ресейге еуро алып кіруге тыйым салды

Еуроодақ Ресейге еуро тасымалдауға, сатуға және валютаны ресейлік заңды, жеке тұлғаларға беруді шектеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Еуропалық кеңестің сайтында жарияланды. Бұл шектеу негізінен Ресей үкіметін, орталық банкін және мемлекеттік мекемелерін қамтиды. Дегенмен бұл санкцияның дипломатиялық миссия мен халықаралық ұйым өкілдеріне қатысы жоқ. Сондай-ақ Ресейге баратын жеке тұлғалар еуроны өз мақсаты үшін пайдалана алады. Еске салайық, бұған дейін Еуроодақ 12 наурыздан бастап санкция жарияланған 7 ресейлік банкке төлем жасаудың халықаралық жүйесі бойынша қызмет көрсетуге тыйым салған.