Түркияда коронавирус шектеулері жеңілдетіледі

Түркияда коронавирус шектеулері жеңілдетіледі
Риа мир новости

Түркия Денсаулық сақтау министрлігі бетперде киюге және ПТР-тестілеуге қойылған шектеулерді жеңілдетті, деп хабарлайды «Хабар 24» РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Түркия желдеткіші бар мекемеде және көшеде маска кию талабын тоқтатады. Сондай-ақ коронавирус белгілері жоқ адамдар үшін ПТР-тестін талап етпейді. Бұл туралы елдің енсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа мәлімдеді.

«Бізге енді сыртта бетперде киюдің қажеті жоқ. Үйде желдету жеткілікті болса және әлеуметтік қашықтықты сақтау мүмкін болса, енді бетперде кимеуге болады», – деді министр.

Оның айтуынша, мектептерде Covid-19-дың екі жағдайға дейін тіркелсе де сабақ процесі жалғаса береді.

«Аурудың белгілері жоқ адамдардан тест сұралмайды. Біз бетперделерді өмірімізден алып тастамаймыз, қажет болған жағдайда оларды кию үшін өзімізбен бірге алып жүреміз. Қарттарымызбен және сырқаттанған адамдармен бірге болған кезде олар өте қажет болуы керек», – деп атап өтті денсаулық сақтау министрі.