Ресей өкілдері Украинамен келіссөз жүргізу үшін Беларуське барды

Бұл туралы Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұдан бөлек, ол украиналық тараптың Киевтен шығып, ертең таңертең жететінін жеткізді. Негізі аталған келіссөздер бүгін кешкісін өтуі тиіс еді. Айта кетейін, тараптар алғаш рет ақпанның 28-де Беларусьтің Гомель облысында кездескен.