Ресейде жалған ақпарат үшін жаза қатаңдатылуы мүмкін

Ресейде жалған ақпарат үшін жаза қатаңдатылуы мүмкін

Ресей қарулы күштерінің әскері жайлы жалған ақпарат тарату 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкелуі мүмкін.

Ресей Мемлекеттік думасы Қылмыстық кодекске тиісті түзетулер енгізуді қарастырмақ. Жақында Байланыс, ақпараттық технология және бұқаралық коммуникация жөніндегі Федералдық бақылау қызметі бірқатар бұқаралық ақпарат құралының сайттарын бұғаттады. Биліктің мәлімдеуінше, олар Украинадағы арнайы операция бойынша шындыққа сай келмейтін ақпар таратқан. Ал Ресейде Кермльдің саясатына қарсы тұрғындар көшеге шығып, наразылық акцияларын жалғастырып жатыр.

Саяси қудалаумен күресуге бағытталған «ОДВ-инфо» тәуелсіз құқықтық медиажобаның мәліметіне қарағанда, ақпанның 24-інен бастап өтіп жатқан митингтер кезінде 7 мыңға жуық адам қамауға алынған.