Ресейлік банктер Swift жүйесінен келесі аптада ажыратылады

«Свифт» компаниясы ресейлік банктерді өзінің төлем жүйесінен наурыздың 12-сінен бастап ажыратады. Шара Ресейдің 7 банкіне қатысты болмақ. Ал Мәскеу қаржы ұйымдарын қолдау шараларын дайындап жатыр.

Үкімет тиісті заң жобасын Мемлекеттік дума қарауына ұсынды. Құжатта шағын және орта бизнес пен бірқатар IT компаниясын жыл соңына дейін тексеруден босату қамтылған. Азаматтардың алған қарыздарын өтеу мерзімі қыркүйекке дейін шегерілуі де мүмкін. Дәрі-дәрмек экспорты да шектелмек.

Дмитрий Орлов,  Ресей саяси және экономикалық байланыс агенттігінің бас директоры:

– Халқымыздың басым бөлігі негізінен өз нарағымызда ресейлік тауарларды сатып алады. Сондықтан санкциялар алдағы уақытта азаматтардың тұрмысына әсер етіп, өмір сүру деңгейі төмендейді деп ойламаймын.

Крейг Эрлам, сарапшы:

– Қазір валюта нарығында Ресей экономикасына қатысты тұрақсыздық жоғары. Экономикалық санкциялардың салдары ауыр болатынын байқау қиын емес. Өткен аптада Еуропа мен АҚШ қатаң шектеу шараларын енгізбегені үшін сынға алынған соң санкциялар күшейтіліп, рубльге ықпал етті.