Абрамович «Челси» футбол клубын сатады

Абрамович «Челси» футбол клубын сатады

Украинадағы жағдай көп жылдан бері Еуропада бизнес жүргізіп жатқан ресейлік кәсіпкерлерге де әсер етіп жатыр.

Роман Абрамович «Челси» британиялық футбол клубын сатылымға шығарды. Осының алдында Ұлыбританияда тұруға тыйым салынғандықтан Абрамович клуб тізгінін команданың қайырымдылық қорына ұстатқан еді. Ол соңғы мәлімдемесінде бұл шешімді клубтың мүддесі үшін қабылдағанын және сатылымнан түскен ақшаны зардап шеккен украиналықтарға аударатынын айтты.

«Челси» ресейлік кәсіпкер басқарған жылдары Англияның ең табысты клубына айналды.