Оңтүстік Корея оппозициясы сайлау алдында күш біріктірді

Оңтүстік Корея оппозициясы сайлау алдында күш біріктірді

Оңтүстік Кореяның опозициясы президенттік сайлау алдында күш біріктіруге көшті.

«Халықтық партия» үміткері Ан Чхоль Су «Халық күші партиясының» атынан түсіп жатқан Юн Сок Ёльді қолдау үшін додадан бас тартты. Күш біріктіру Юн Сок Ёльдің «Тобуро» билеуші демократиялық партиясының үміткері Ли Чжэ Мёнмен күресте жеңіске жету мүмкіндігін арттырмақ. Еске сала кетейік, Оңтүстік Кореяда президенттік сайлау наурыздың 9-ы күні өтеді.