БҰҰ: Украинада 249 бейбіт тұрғын көз жұмды

Украинада әскери операция басталған бір апта ішінде 249 бейбіт тұрғын көз жұмып, 553-і жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

БҰҰ осындай дерек келтіріп отыр. Марқұмдардың 17-сі бала. Халықаралық бірлестік өкілдері бұл сан шынайы көрсеткіштерден әлдеқайда төмен болуы мүмкін екенін айтады. Өйткені біраз дерек әлі расталмады дейді.

Айта кеткен жөн, БҰҰ-ның есептеуінше, әскери іс-қимылдар басталғалы Украинадан жан-жаққа бас сауғалаған босқындар саны бір миллионнан асып кеткен. Олар негізінен Венгрия, Молдова, Польша, Румыния мен Словакия сияқты көрші елдерге ағылған.