Ресей Украинада 1612 әскери нысанды талқандағанын хабарлады

Ресейдің Қорғаныс министрлігі Украинада 1600-ден астам әскери нысан талқандалды деп мәлімдеді. Арасында зениттік және зымыран атқыш кешендер мен радиолокациялық станциялар, ұшақтар, танкілер мен басқа техникалар бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кремль Донецк мен Луганскідегі күштерге Украина сарбаздары кезекті рет соққы жасағанын хабарлады. Шабуылдан бір тұрғын жарақат алған. Өзін-өзі жариялаған ЛХР мен ДХР Ресей әскерінің қолдауымен күресті жалғастыруда. Қорғаныс министрлігі Херсон қаласын басып алғаны туралы ақпарат таратты. Бірақ Украина тарапы бұл мәліметті жоққа шығарып үлгерді.