Үрей мен үміт: Украинадағы ахуал журналист көзімен

Киевтің мыңдаған тұрғыны елдің батыс өңірлеріне кетуге тырысып жатыр. Украина астанасындағы жағдай күрделі болғанмен, жергілікті биліктің бақылауында. Львовтан Киевке дейін 17 сағат жол жүрген бұл елдегі меншікті тілшіміз вагонда 2-ақ жолаушының болғанын айтады. Ал ел астанасынан кеткісі келетіндер өте көп. 

Бұл Киев вокзалы. Пойыз күткен халықтың қарасы қалың. Қаладан кетіп, Украинаның батыс өңірлеріне жеткісі келеді. Кейбіреуі шетелге аттанбақ.  

Аида Қыдырбай, тілші:

– Қалада дабыл үні жаңғырады. Бұл қауіпсіз жерге жасырыну керек деген ескерту. Вокзалдағы жұрттың дені Ужгородқа баратын пойызды күтіп отыр. Перронда да кісі көп. Балалар да бар.

– Ужгородқа кеткіміз келді. Вокзалға келіп, перронға шықсақ, мұнда жүзден аса адам тұр екен. Пойызға кіре алған жоқпыз. 

- Келесісін күтесіз бе?

- Иә, бір сағаттан кейін тағы біреуі келуі керек.

Кезінде төрт миллион тұрғыны болған қала қаңырап қалды. Тіпті, карантин кезінде де көшелерде бұдан адам көп жүретін. Бүкіл мекеме жабылған, дүкендерде адам аз. Ал жеке меншік дәріханалар қайта ашылды. Олардың алдында ұзынсонар кезек. Киев тұрғындары дәрі-дәрмекпен қамданғасы келеді.

Аида Қыдырбай, тілші:

– Мынау Киевтегі ең ірі супермакеттің бірі. Көріп тұрғандарыңыздай, сөрелер бос. Нан, сүт өнімдері, әсіресе май тапшы.

Қаланың коммуналдық қызметінің жұмысында іркіліс байқалады. Мұны көшелерде жиналмаған қоқыстан көруге болады. Өткен аптада қалада болған шайқастардан кейін қоғамдық көлік қайта қатынай бастады. Бірақ бағдарлар мен көлік құралы неукен саяқ. Харьков, Чернигов, Житомире мен өзге қалаларға жасалған зымыран шабуылдарынан кейін Киев тұрғындарының да зәресі ұшты.

– Апа, сіз неге кеткен жоқсыз? Қорықпайсыз ба?

– Аса баратын жерім де жоқ, бірақ достарым шақырған. 

– Дегенмен Киевте қалуды шештіңіз?

– Иә. Қазір ер адамдар болуға тиіс жерде ұлым бар. Сондықтан оны тастап кете алмаймын.

Киев мэрі Виталий Кличко Ресей әскері шаһарды қоршауға алғысы келетінін ескертті. Көшелерде күн сайын құм толған қаппен қорғаныс күшейтіліп жатыр. Кей жерде танктерге қарсы бөгеттер тұр. Түнде тұрғындар жертөлелерде немесе метроның кейбір станцияларында жасырынады. Бұл тоғыз қабатты үйдің жертөлесі.

Александр, Киев тұрғыны:

– Мұнда адамдар жиі қонуға қалады. Өйткені әр сағат сайын мұнда қашу қиын. Алғашқы уақытта ауыр болды. Дабыл соғылғанда жұрт оның қашан бітетінін білмей абдырайтын. Алғашқы үш күнде, тіпті бұл жерден шықпай қойды. Жылап, уайымға салынды. 5-7 күн өткеннен кейін үйреніп кетті, дабыл үні әдетке айналды.

Киевті қоршауға алса, гуманитарлық апат басталуы мүмкін. Қазір қалада коменданттық сағат жарияланды. Кешкі бестен таңғы сегізге дейін көшеге шығуға болмайды.

Аида Кыдырбай