Еуроодақ бірнеше олигархтың яхталары мен ұшақтарын тәркіледі

Еуроодақ бірнеше олигархтың яхталары мен ұшақтарын тәркіледі

Қазір АҚШ-тың Әділет министрлігінде кірістерді тәркілеумен айналысатын арнайы бөлімше құрылды. KleptoCapture деп аталатын жедел топ бірінші кезекте Ресей милиардерлерінің АҚШ-тағы активтерін анықтауға кіріспек. 

Ал қарулы-қақтығыс басталар алдында Еуроодақ бірнеше олигархтың яхталары мен ұшақтарын тексере бастайтынын мәлімдеген еді. Яхта демекші, жақында ғана «Роснефть» компаниясының басшысы Игорь Сечиннің 88 метрлік «Amore Vero» яхтасы тәркіленгені белгілі болды. Алып кемені Марсель маңында Францияның кеден қызметкерлері тоқтатқан. Сонымен қатар Бұқаралық ақпарат құралдары Германияда Алишер Усмановтың құны 600 млн доллар болатын Dilbar кемесі ұсталғанын жарыса жазып жатыр. Ал өзге олигархтардың кемелері санкциялардың заңды күші жоқ Мальдив аралдары мен Черногорияға қарай бағыт алды. 

Лиз Трасс, Ұлыбританияның сыртқы істер министрі:

– Ресей олигархтарына қатысты шектеулерді қатаңдатамыз. Осыған дейін 100-ден астам жеке тұлға мен компанияға қатысты санкцияларды қабылдағанбыз. Енді қолда жаңа тізім бар. Бұл Британия тарихында Ресейге қатысты қабылданған ең қатаң экономикалық шектеулер. Бүгінде бірнеше банктермен жұмыс тоқтатылды. Біз алған бетімізден қайтпаймыз.