Ресейде шетелдіктерге қарсы санкциялар туралы заң мақұлданды

Ресейде шетелдіктерге қарсы санкциялар туралы заң мақұлданды

Ресейдің Федерация Кеңесі өз азаматтарының құқығын бұзған не оларға қатысты қылмыс жасаған шетелдіктерге қарсы санкциялар туралы заңды мақұлдады.

Оған сәйкес шетелдіктердің елге кіруіне тыйым салынады, активтері бұғатталады. Енді оған президент қол қою керек.

Құжат 2012 жылы қабылданған «Дима Яковлев» деп аталып кеткен заңның қолданыс аясын кеңейтеді. Ондағы санкциялар тек АҚШ азаматтарына ғана қарсы бағытталған еді.