Ал Филиппин аралдарында Майон жанартауы оянып, 30 мың адам эвакуацияланды. Қазір қауіп төнген аймақтардан тұрғындарды көшіруге әскерилер көмектесіп жатыр. Бұған Албай провинциясындағы мыңдаған адам жұмылдырылған. Жанартаудан 8 шақырым қашықтықта орналасқан барлық үйдің тұрғындары эвакуациялануда. Билік өкілдерінің мәлімдеуінше, көшіру 3 күнге созылуы мүмкін. Айта кету керек, жанартау маусымның 11-і күні атқылай бастады. Апаттық жағдай енді басталғанда 14 мыңға жуық адам баспаналарын тастап кетуге мәжбүр болды. Қазіргі таңда Майон Филиппиндегі ең белсенді жанартау болып есептеледі.