Харьков полициясы 188 адамның қаза тапқанын хабарлады

Соңғы мәліметке сәйкес, Харьков облысы бойынша зымыран соққыларынан 188 адам көз жұмған.

Олардың жартысынан астамы бейбіт тұрғындар. Арасында балалар да бар екен. Бұл туралы облыстық полиция хабарлады.

Олардың дерегіне сәйкес, қарулы қақтығыс кезінде 35 әскери қаза тауып, 400-ге жуығы түрлі жарақат алған. Осы ретте ескере кететін бір жайт, бұл мәліметтердің шынайылығын тексеру мүмкін емес.