Германияда жанармай бағасы шарықтап кетті

Германияда жанармай бағасы шарықтап кетті

Кейбір бекеттерде оның құны 2 еуродан асады. Дизель отыны да қымбаттады.

Сарапшылар мұның бірнеше себебі барын айтады. Біріншіден, бұл мұнай нарығындағы ахуалмен байланысты. Қара алтын құны рекордты көрсеткіштерге дейін қымбаттап, бір баррелінің бағасы 110 доллардан асып кетті. Сонымен қоса жағдайға Украинадағы шиеленіс те әсер еткен. Оның үстіне Германияның өзінде экологиялық салық жоғары. Билік осылайша тұрғындарды жанармайды үнемді пайдаланып, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға ынталандыруға ниетті.   

Йорг Праузе, техникалық сарапшы:

- Бізде жанармай бағасы бойынша да, дизельдік отын құны бойынша рекорд орнатылды. Қазіргідей жағдайда болжам жасаудың өзі қиын. Бірақ жақын арада мұнай бағасының төмендеуі екіталай. Сондықтан жанармай құны арзандай қоймас. Сол екі еуро шамасында болар. Десе де, алдағы уақытта нарықтағы жағдай тұрақталады деп үміттенейік.