Украинада эвакуациялық жұмыстар тәулік бойы жүреді

Украинада елдің шығысынан батысына қарай қатынайтын пойыздардың барлығы тұрғындарды эвакуациялаумен айналысады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған билеттер сатылмайды. Яғни тұрғындар тегін қатынай алады. Елдің ұлттық тасымдаушысының мәліметіне сәйкес, пойыздар тәулік бойы жүреді. Эвакуациялау бойынша басымдық ең алдымен балалар, әйелдер мен қарт кісілерге беріледі.