«Соғысқа жол жоқ!»: Францияда халық көшеге шықты

«Соғысқа жол жоқ!»: Францияда халық көшеге шықты

Францияда Украинадағы әскери қимылдарға қарсы шерулер өтіп, 40 мыңнан астам адам көшеге шықты.

Президентікке үміткерлер де жұрттың ортасында жүр. Шеруге қатысушылар әскери қақтығысты дереу тоқтатып, Украина аспаны мен атом электр станциясы үстінен ұшақ ұшырмауға шақырды. Бесінші республика қарулы қақтығыс аймағына алғаш болып гуманитарлық көмек жіберген мемлекет. Ірі қалаларда босқындарды қабылдау үшін шұғыл штабтар ашылған. Барлық қала әкімшіліктерінде азық-түлік, дәрі-дәрмек және тұрмысқа қажетті заттар жинастырылып жатыр. Медициналық және гуманитарлық қолдау көрсету үшін Украинаға 100-ге жуық ерікті аттанды.

– Мен мұнда кеше келгем. Бүгін де Украинадағы жағдайға ықпал ету үшін түрлі акцияларға қатысып жатырмын. Адамдардың балаларымен бірге шыққанын көргенде жүрегің елжірейді.

– Мен Украинада бейбітшілік орнағанын қалап келдім. Әскери қақтығыс тоқтатылып, гуманитарлық дәліз құрылып, барлығы қауіпсіздікте болғанын қалаймын.

– Мен украиналықтарға сіздермен біргеміз деп айтқым келеді. Оларға қолдан келгенше көмектескім келеді. Ол үшін Украина елшілігіне барып Киевке қалай жету керектігін сұрамақпын.