Украина Ресей әскерінің шығындарын жариялады

Украина Ресей әскерінің шығындарын жариялады

Украина қарулы күштерінің бас штабы Ресей әскерінің шығындары туралы ақпар таратты.

Мәліметке қарағанда соңғы 10 күнде Ресей тарапы 10 мың сарбазынан айырылған. 88 ұшақ пен тікұшағы жойылып, 269 танкі, 105 зеңбірегі және 400-ден аса әскери көлігі талқандалған. Украина жаяу әскері басшылығы Харьков қаласы маңында талқандалып қолға түскен техниканың бір бөлігін бейнежазбаға түсіріп көрсетті.

РЕСЕЙ ХЕРСОН МАҢЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ БАЗАНЫ АЛҒАНЫН МӘЛІМДЕДІ

Ресей әскерилері Херсон қаласы маңындағы Украина қарулы күштерінің әскери базасын басып алғанын мәлімдеді. Осы елдің Қорғаныс министрлігі украиналық сарбаздар бекіністерінен асығыс тастап, базада қару-жарақтары мен техникасын қалдырып кетті дейді. Жалпы әскери қақтығыста Ресей Украинаның 2 мыңнан аса әскери инфрақұырылымын істен шығарып, 90 ұшақ, 748 танк пен өзге де әскери көліктерін, 76 реактивті атқылау жүйесін және 274 зеңбірегі мен минометін талқандағанын айтады.