Бали аралында карантин алынып тасталды

Бали аралында карантин алынып тасталды

Индонезия үкіметі Балиге келетін 23 елдің азаматтары үшін карантин тәртібінің күшін жойды.

Енді ұшақ немесе кемемен осы аралға келген туристер оқшауланбайды.

Дегенмен, бұл тек Индонезияда мақұлданған вакцина салдырған адамдарға ғана қатысты.

Билік өкілдерінің мәлімдеуінше, көп ұзамай елдің барлық провинцияларында шектеулер жеңілдетіледі.