Ресей ең көп санкция салынған ел

Ресей әлемде ең көп санкциялар салынған елге айналды.

Бұл туралы Шектеу шараларын қадағалау бойынша ғаламдық деректер қоры хабарлайды.

Мәліметке сәйкес, ақпанның 22-сінен Ресейге 2778 шектеу енгізілген. Жалпы бұл мемлекетке салынған санкциялардың саны 5 жарым мыңнан асты. Ресейге тыйым салған елдердің қатарында АҚШ, Канада, Швейцария, Еуроодақ елдері бар. Санкциялардың көбі жеке тұлғаларға қатысты. Жалпы Ресейден кейін санкциялардың көбі Иран, Сирия, Солтүстік Корея және Венесуэлаға салынған.