Ұлыбритания Роман Абрамовичке санкция салды

Ұлыбритания ресейлік миллиардер Роман Абрамовичке санкция салды. Осылайша ресейлік кәсіпкердің барлық активі бұғатталып, ел аумағына кіруіне тыйым салынды.

Бұдан былай ол Ұлыбританияның жеке және заңды тұлғаларымен байланыс орната алмайды. Шектеу жуырда сатылымға шығарылған Челси клубына да қатысты.

Айта кетейік, Ұлыбританияның санкциясына Абрамовичтен бөлек,  Роснефть, Газпром пен Транснефть секілді ресейлік ірі мұнай компанияларының басшылары да ілікті.