ЕО Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізеді

Қымбатшылыққа қарамастан Еуроодақ Ресейге қарсы санкциялардың төртінші топтамасын енгізуге ниетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Одаққа мүше елдердің бейресми саммитінің қорытындысы бойынша Урсула фон дер Ляйен мәлімдеді. Еурокомиссия басшысының айтуынша, шектеулер Ресейді әлемнің қаржы жүйесінен оқшауландыруды одан әрі күшейтеді. Дегенмен нақты қандай санкциялар қабылданатыны туралы ашық айтылған жоқ.