Украинадағы жанжал Еуропада бағалардың өсуіне әкелді

Украинадағы қақтығыс салдарынан Еуропа елдерінде бағалар күрт өсіп кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлыбританияда азық-түлік пен жанармай қымбаттады. Сарапшылардың пікірінше, алдағы уақытта бұл үрдіс жалғаса бермек. Мәселен, Украинадағы теңіз айлақтары жұмысын тоқтатқандықтан бидай мен өзге дәнді дақылдардың бағасы шарықтап барады. Украина мен Ресей әлемдегі астық саудасының үштен бір бөлігін қамтиды. Бұл өз кезегінде дамыған елдерде инфляцияны үдетіп, дамушы елдердегі саяси тұрақтылық қауіп төндіруі мүмкін дейді мамандар.