Қытайда коронавирус науқастары үшін аурухана салынды

Қытайда коронавирус науқастары үшін аурухана салынды

Қытайдың солтүстік-шығысындағы Цзилинь провинциясында коронавирус науқастары үшін аурухана бой көтерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Уақытша емдеу орталығы 1500 адамға арналған. Қазір бұл аймақта пандемия қатты өршіп тұр. Індет жұқтыру дерегі 2 апта бұрын көбейе бастаған. Осының алдында билік провинция орталығы – Чанчунь қаласының тұрғындарын толық оқшаулаған болатын. Жақын күндері аймақтағы барлық адам бірнеше рет тестілеуден өтеді.

Дең Иуедоң, ұйымдастыру тобының мүшесі:

– Аурухана жұмысын ұйымдастыру үшін 40 адамнан тұратын басқарма құрылды. Бұдан басқа топта мыңға жуық жұмысшы бар. Қазір біз 3 бағытта қызу жұмыс істеп жатырмыз.