Италияда украиналықтар мінген автобус аударылды

Италияда украиналықтар мінген автобус аударылды
korrespondent.net

Жол апаты салдарынан бір әйел көз жұмып, тағы бесеуі жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті басылымдардың бірінің хабарлауынша, көлік украиналықтарды уақытша орналастыру орнына апара жатқан. Апаттың нақты себебі белгісіз.

Айта кеткен жөн, БҰҰ-ның соңғы дерегі бойынша Украинадағы қарулы қақтығыс басталғалы 2 жарым миллионнан аса жергілікті тұрғын Еуропа елдеріне бас сауғалаған екен.