Түркия Ресейге санкция салмайды

URA.RU

Бұл туралы елдің сыртқы істер министрі жария етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол шектеу шаралары шиеленісті реттеуге көмектеспейтінін айтады. Сонымен қоса Мевлют Чавушоғлу өзінің ресейлік әріптесі Сергей Лавровтан Мариупольден түрік азаматтарын эвакуациялау бойынша көмек сұрады. Түркия Ресей мен Украина өкілдері арасында келіссөздерді ұйымдастыруға жәрдемдесуге дайын екенін талай мәрте айтып келген. Нәтижесінде 10 наурызда Анталияда екі елдің сыртқы істер министрлері кездескен еді.