Украина мен Ресей келіссөздерінің кезекті кезеңі қашан өтеді

Интерфакс

Украина мен Ресей делегациялары арасындағы келіссөздердің кезекті кезеңі 14 немесе 15 наурызда өтуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Украина президенті кеңсесінің кеңесшісі Михаил Подоляк мәлімдеді.

Коммерсант басылымына берген сұхбатында ол тараптар келіссөздерде мәмілеге келуге жақын қалғанын жеткізді. Михаил Подоляктың айтуынша, қазір екі жақ оқ атуды тоқтату, Ресей әскерін Украинадан алып шығу және қираған инфрақұрылым нысандары үшін өтемақы мәселесін талқылап жатыр. Ол сондай-ақ делегациялардың бейнекездесулер өткізіп отыратынын жеткізді. Тиісті ақпаратты Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков та растап отыр.