Украинада соғыс жағдайы тағы 30 күнге ұзартылады

Президент Владимир Зеленский Жоғарғы Радаға тиісті заң жобасын енгізді.

Бұл туралы «Хабар 24» украин парламентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жалпы, соғыс жағдайының қазіргі мерзімі 26 наурызда аяқталуға тиіс еді. Мемлекет басшысының 90 күнге арналған Жарлығы Украинаның барлық елді мекендерін қамтиды. Әскер жасындағы барлық ер-азаматтарға елден кетуге тыйым салынған.