ЮНЕСКО Украинадағы мәдени мұраға алаңдаулы

ЮНЕСКО Украинадағы ескерткіштерді қорғауға шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Киевтегі әулие София соборы, Киев-Печёр лаврасы, Берестоводағы Құтқарушы шіркеуі және Львов қаласының тарихи орталығы Дүниежүзілік мәдение мұра тізіміне енген. Бұған қоса тағы маңызды 17 ескерткіш бар. Олардың арасында қазір бомбаланып жатқан Чернигов қаласының ортағасырлық орталығы бар. Юнеско атқару комитетінің төтенше мәжілісінде бұл ескерткіштердің жағдайын спутник арқылы бақылап отыруға болатыны айтылды . 

Одрэ Азуле, Юнеско ұйымының бас директоры:

– Қазіргі төтенше жағдайда біз бірлесе жұмысымызды үдете түстік. Осы мақсатқа кететін шығын жинаған активтеріміз бен қаражат көлеміне байланысты болады. Украина үшін арнайы қор құрамыз. Оған қолдауға ниет білдірген елдердің аударған ақшасын сақтаймыз.