Қант пен сұйық май Қырғызстанда да қат па

Қант пен сұйық май Қырғызстанда да қат па

Сұйық май мен қанттың қат болуы қырғыздарды да әлекке салды, алайда жергілікті билік Қырғызстанда екеуінің де жеткілікті екенін айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кейінде баға өсіп, халық дүрліге бастаған. Осыған байланысты Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрлігі мемлекеттік материалдық резервтер қорынан бір миллион тонна қант пен 500 мың литр сұйық майды айналымға шығарған. Сөйтіп, министр жұртты сабырға шақырып, елде қант-май жеткілікті екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, көтерме қоймалар толып тұр және жақын арада тапшылық болмайды. Қазір мұнда қанттың бір келісі 500, ал майдың литрі 800 теңге. Ал мемлекеттік материалдық резервтер қорынан алынған өнімдер халыққа 30 процент арзан сатылады.   

Бообек Ажикеев, Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрі:

– Халықтың уайымдауына негіз жоқ. Ең қажетті тауарлардың қымбаттауына жол бермейміз. Ұн, қант пен сұйық майдың мұншалықты көп қоры бұрын-соңды болмаған.