Украинада әскери қимылдан 117 аурухана қираған

Украинада әскери қимылдан 117 аурухана қираған

Украинада соғыс басталғалы 117 аурухана қираған. Оның жетеуі жөндеуге келмейді.

Бұл туралы осы елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Ведомство деректеріне сәйкес, 40-тан аса жедел жәрдем көлігі қираған. Қазір көп елдер Украинаға көмектесіп жатыр. Мәселен, Израиль елдің батысында құны 6,5 миллион доллар болатын дала госпиталін жасақтамақ. 8 жедел жәрдем көлігін сыйға тартқан. Дания билігі де осындай шешім қабылдады. Жалпы қазір Украинаның денсаулық сақтау мекемелеріне шетелден келген 100-ден аса медицина маманы жұмыс істеп жүр.