Ресей күштері Харьковті қайтадан атқылады

Ресей әскері Украинаның Харыков қаласын тағы зымыранмен атқылап, үш адам қаза тапты. 5 тұрғын жараланды. Жергілікті төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтің мәлімдеуінше шаһардағы базар мен азық-түлік қоймасына және 2 мектепке бомба түскен. Бұдан бөлек қаладағы қосымша білім беру институты да атқыланған. Бомбылаудан ғимараттар өртеніп, отты құтқарушылар әзер өшірген.

Егор, жергілікті тұрғын:

- Менің ойымша, бірнеше зымыран түсті. Қатты жарылыстар болып артынан ғимараттар өртенді. Базардың ішінде адамдар болған жоқ қой деймін. Өйткені ол жабық болған.  

Мариупольда жүздеген адам жасырынған театр бомбаланды

- Ресей күштері Мариуполь қаласын да атқылап, жүздеген адам паналаған драмтеатрға әуеден бомба тастаған. Бұдан бөлек шаһарда аяғы ауыр әйелдер мен балалар жасырынған Нептун бассейні де атқыланған. Бірақ қаланы қорғап тұрған Украина жасақтары атыстан қаза тапқандар мен жаралағандар туралы ақпар ала алмай отырғанын айтады. Еске сала кетейік, Ресей күштері Мариуполь қаласын көп күннен бері қоршауға алып, шабуылдап жатыр.