Үндістанда 12 мен 14 жас аралығындағы балаларға вакцина салып жатыр

Үндістанда 12 мен 14 жас аралығындағы балаларға вакцина салып жатыр
Trend.az

Үндістанда бүгіннен бастап 12 мен 14 жас аралығындағы балаларға вакцина салынып жатыр.

Қолда бары Корбвакс препараты. Бұл жергілікті өнім. Ал жасы одан үлкен жасөспірімдерді вакциналау жыл басынан бері жүргізіліп келеді. Осы күнге дейін жасы 15-тен асқан 90 миллион бала екпе салдырыпты. Сонымен қоса бүгіннен бастап 60-тан асқан тұрғындар коронавирусқа қарсы препараттың бустерлік дозасын қабылдай алады.