Жапонияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артты

Жапонияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артты
DW

Жапонияның солтүстік-шығысында жер сілкінді. Зілзала қуаты 7,3 балға жеткен.

Соңғы ақпарат бойынша табиғат апаты салдарынан осы уақытқа дейін 4 адам опат болған. Ал жарақат алғандар қатары 107-ге жетті. Елдің Метеорологиялық агенттігі алдында жариялаған цунами дабылын алып тастады. Мамандар әдетте 20 сантиметрден аспайтын толқындардың биіктігі 1 метрге жеткенін айтады. 100 жолаушысы бар жүрдек пойыз жолдан шығып кеткен, абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген. Бірнеше жол жабылды. Сондай-ақ бірнеше елдімекенде электр желісі үзіліп, 2 миллион 200 мыңдай үй жарықсыз қалған. Оның 700 мыңы ел астанасы Токиода.

Хирокадзу Мацуно, Жапония министрлер кабинетінің бас хатшысы:

- Зілзала аймағындағы "Онагава" және "Фукусима-2" атом электр станцияларына әзірге ешқандай зақым келмеді. "Фукусима-1" атом электр станциясының жағдайын әлі тексеріп жатырмыз. Тұрғындардан келесі аптаға дейін аса сақ болуды сұраймыз. Әдетте алғашқы жер сілкінісінен дейін зілзала тағы 2-3 күн қайталануы мүмкін.