Гаага соты: Ресей әскери қимылдарды тоқтатуы керек

pikabu.ru

Ресей Украинадағы әскери қимылдарды дереу тоқтатуы керек. БҰҰ Халықаралық соты осындай шешім шығарды.

Киев шағымды қарулы қақтығыс бастала салысымен берген. Онда Ресейдің Украинаның шығысында геноцидтің алдын алу үшін әскери қимылдарды қолға алдық деуі негізсіз деп айтқан еді. Ал Ресей Халықаралық сотқа шағым мағынасыз болғандықтан қатыспағанын мәлімдеген. Кейін Халықаралық сот ешқандай шара қабылдамауға тиіс деген хат жолдайды.

Айта кетейік, БҰҰ халықаралық сотының шешімі міндетті. Бірақ бұл органда оны жүзеге асыратын құрал жоқ.

Джоан Донохью, Халықаралық соттың төрайымы:

- Ресей Федерациясы өзінң қол астындағы немесе қолдау көрсетіп отырған кез келген әскери және тұрақты емес қарулы күштердің әрі өзінің бақылауы мен жетекшілік етіп отырған ұйымдар мен тұлғалардың әскери іс-қимылдарды қолдайтын кез келген әрекетке бармауын қамтамасыз етуі қажет. Қос тарап та Соттағы істі шиеленістіретін немесе оған қатысты шешімді қиындадатын әркеттерден бас тартуға тиіс. Сот Украинадағы қасіретті сезіне отырып адамдардың өлімі мен қайғысына қатты алаңдайды.