Мариуполь драма театрында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр

Мариупольдегі бомба тасталған драма театрдағы үйінділер астынан 130 адам құтқарылған, деп хабарлайды  «Хабар 24».

Бірақ жергілікті билік қираған ғимарат асында әлі көп адам барын айтады. Еске сала кетейік, Ресей әскері көп күннен бері Мариупольді қоршап, қаланы бомбалап келеді. Мәліметке қарағанда 400 мың тұрғыны болған шаһарда қазір 350 мыңдай адам қалып отыр. Өткен сәрсенбі күні жүздеген бейбіт тұрғын тығылған шаһардағы драма театрға әуеден бомба тасталып, адамдар ғимарат асында қалып қойған.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

– Мариупольде бомбаланған драма театр маңында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Қазірге дейін 130 адам құтақырылды. Бірақ үйінділер астында әлі жүздеген адам бар. Біз Ресей күштерінің атқылауына қарамастан, жұмысты жалғастырып жатырмыз.