Австрия халқы қайтадан маска тағуға міндеттеледі

Австрия халқы қайтадан маска тағуға міндеттеледі

Австрия тұрғындары ғимарат ішінде маска тағуға міндеттеледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шектеу келесі аптада енгізіледі. Өйкені елде эпидахуал нашаралап барады. Дәрігерлер алдағы 2 аптада вирус жұқтырғандар саны күрт артып, тәуліктік өсім 50 мыңға дейін жетуі мүмкін екенін айтады. Бұған қоса ірі компанияларға қызметкерлердің бір бөлігін қашықтан жұмыс істеу тәртібіне көшіруге кеңес берілді.