Түрікменстанның жаңадан сайланған президентін ұлықтау рәсімі өтті

Түрікменстанның жаңадан сайланған президентін ұлықтау рәсімі өтті

Сердар Бердімұхамедов мерзімінен бұрын өткен сайлауда 72,97 процент дауыс жинаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Экс-президенттің ұлы бұған дейін вице-премьер қызметін атқарған еді. Ал елді 15 жыл бойы басқарған Гурбангулы Бердімұхамедов өткен айда жас басшыларға жол бергісі келетінін мәлімдеген. Сөйтіп мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуді тапсырып, оған өзі қатыспайтынын бірден айтты. Бірақ бұрынғы мемлекет басшысы парламенттің жоғарғы палатасының төрағасы лауазымын сақтап қалды.