Түрікменстанның жаңа президенті үкіметті отставкаға жіберді

Түрікменстанның жаңа президенті Сердар Бердімухамедов өз қызметіне кірісіп, Үкіметтің отставкаға кетуі туралы қаулысына  қол қойды.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, жергілікті конституцияның заңына сәйкес, министрлер кабинеті толық құрамда қызметтен кетеді. Алайда жаңа үкімет құрылмайынша бұрынғы министрлер өз жұмысын жалғастыра береді.