Украина мен Ресей келісімге келуге таяп қалды – Түркия СІМ

Ресей мен Украина келіссөздер барысында ең күрделі мәселелер бойынша келісімге келуге жақын қалды.

Бірақ кейбір сұрақтарды сол елдердің басшылары деңгейінде шешу керек. Бұл туралы жергілікті басылымдардың біріне берген сұхбатында Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу мәлімдеді. Ол ресми Анкараның Ресей, Украина және Түркия президенттерінің қатысуымен үш жақты басқосу өткізуге дайын екенін жеткізді.

Айта кеткен жөн, Украина мен Ресей бұған дейін біреше келіссөз өткізіп үлгірді. Олардың үшеуі Беларусь аумағында, тағы бірі өткен аптада Түркияда ұйымдастырылды. Анталия қаласындағы жиынға екі жақтың сыртқы істер министрлері қатысқан.