Ресей күштері Херсондағы шеруді күштеп таратты

Херсон қаласының тұрғындары Ресей басқынышылығына қарсы тағы наразылық шеруіне шығып, бір адам жарақат алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шаһар тұрғындары кезекті наразылығық акциясын өткізу үшін Свобода алаңына жиналған. Бірақ Ресей күштері халықты тарату үшін аспанға оқ атып, шулы граната қолданған. Оқиғаға байланысты президент Зеленский Ресей әскері бейбіт халықа қару қолданып жатыр деп мәлімдеді. Еске сала кетейік, Ресей күштері Украинаның Херсон қаласын наурыздың бас кезінде басып алған. 250 мың тұрғыны бар шаһарда содан бері наразылық шерулері жалғасып келеді.

Владимир Зеленксий, Украина президенті:

– Бүгін үгіт-насихаттың құлы болғандардың бейбіт халыққа қалай оқ атқанын көрдік. Олар тіпті «бейбітшілік» деген үнпарақ ұстаған қарт аналар мен қыздарды милицияның автобустарына күштеп, тығуға үйренген құлдар. Бірақ басқыншылар басып алған Бердянск, Мелитополь, Каховка және барлық жерде сәтсіздікке ұшырайтын болады.