Елімізде «Таза Қазақстан» акциясы жалғасып жатыр
«Таза Қазақстан» акциясының аясында ұйымдастырылған сенбілік жұмыстарына қатысып, 100-ге жуық көшет отырғызды.
Аумақты тазалау жұмыстары Елордадағы Әл-Фараби даңғылының бойында өтті.
Экологиялық науқаннан Мәжіліс депутаттары мен Аппарат қызметкерлері де қалыс қалған жоқ. Олар «Әзірет Сұлтан» мешітінің аумағын көгалдандырды. Депутаттар шырша, қарағай, емен және қайың көшеттерін екті.
Премьер-Министр Олжас Бектенов бастаған Үкімет Аппаратының қызметкерлері «EXPO» аумағында 150-ге жуық көшет отырғызды, оның ішінде емен, қайың, шырша, сағызқарағай және басқа да ағаш түрлері бар.
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ұлттық құрылтай мен Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшелерімен бірге аталған акцияға қолдау білдіріп, сенбілікке атсалысты. Қоғам белсенділері мен жастар Президент бастамасымен жүріп жатқан экологиялық акцияға алдағы уақытта да атсалысуға дайын екенін айтты.
Сондай-ақ олар «Таза Қазақстан» акциясы көшелер мен аулаларды абаттандырумен қатар, қоғамдағы бірлікті нығайта түсетінін және халық арасында бір-біріне тілеулестік рухын оятатынын атап өтті. Жалпы Экологиялық акцияның 3 аптасында 4,6 мыңнан астам тонна қоқыс шығарылды. Астанада 50 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Айта кеткен жөн «Таза Қазақстан» жалпыреспубликалық науқаны бір күндік сенбілікпен, айлық іс-шаралармен шектелмейді. Көгалдандыру және тазалық жұмыстары жыл бойы барлық қалалар мен ауылдарда ұйымдастырылады.