Молдоваға шұғыл көмек керек

Молдоваға шұғыл көмек керек

"Еуропалық Одаққа мүше елдер Молдоваға көмектесуі керек."

Өйткені Украинадағы соғыс басталғалы бұл елге 330 мыңнан астам адам келген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге осылай дейді. Енді осы 330 мыңнан астам босқынға шұғыл көмек керек. Ал 2 жылдан бері коронавирустан ес жия алмай келе жатқан Молдованың экономикалық жағдайы мәз емес. Ел билігі қазірдің өзінде үлкен қиындықтарға тап болған.