Харьков қаласында мыңға жуық үйдің тас-талқаны шыққан

Бұл туралы «Хабар 24» шаһар мэрі Игорь Тереховке сілтеме жасап хабарлайды.

Оның баяндауынша, аймақта барлығы 1143 инфрақұрылым жермен жексен болды. Арасында 60-тан астам мектеп пен 8 аурухана бар. Ресей шекарасына жақын орналасқан Харьков – көлемі жағынан Украинаның Киевтен кейінгі екінші қаласы. Соғыс басталғанда онда 1 млн 400 мың адам тұратын. Ал Ресей әскері әлі күнге дейін шаһарды басып ала алмаған. Тек аймақты бомбалап, әуе шабуылдарын үдетіп жатыр. Атыс-шабыс кезінде тұрғындар көбінесе метрода жасырынады. Қазірдің өзінде жер асты жолында 15 мыңдай адам паналап жүр.