Ұлыбритания астанасында Ұлыстың ұлы күні тойланды

Ұлыбритания астанасында Ұлыстың ұлы күні тойланды
inform.kz

Лондонда Орталық Азия елдерінің өкілдері Наурызды тойлады, деп хабарлайды «Хабар 24». Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Лондон орталығындағы оқу орынының алдында сахна құрылып, кең көлемді концерт өтті. Түркі халықтары, оның ішінде қазақстандықтар да бар, ұлттық өнері мен салт-дәстүрлерін британиялықтар алдында паш етті.
Айта кетейік, Орталық Азия елдерінің көктем фестивалі UCL университетінің ауласында дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылатын. Алайда соңғы екі жылда коронавирус шектеулеріне байланысты тойланбады. Сондықтан болар халықтың бұл мейрамды сағынып қалғаны байқалып тұрды.

«Көптен бері көрмеген достарымен қауышып, емен-жарқын әңгімелесу бақытына ештеңе жетпейді», дейді жиналғандар. Келгендер әртүрлі ұлттың өнерін тамашалады. «Көрермендерге дәстүрімізді, фольклорымызды, музыкамызды көрсеттік. Бізді шақырғандарына көп рақмет. Балаларымыз да салт-дәстүрлерімізді біліп қалды», - дейді «Ләйлазар» түркімен ансамблінің музыкалық жетекшісі Гунча Мамеддурдыева . Сондай-ақ оқу орнынының фойесінде көрме ұйымдастырылды. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және басқа да Орталық Азия елдерінің өкілдері салт-дәстүрлерінен сыр шертетін әшекей бұйымдарын, кәдесыйларын жиналған қауымға таныстырды. Әлбетте, келушілер ұлттық тағамдардан да дәм татып көрді.