Fitch ресейлік компаниялардың рейтингісін кері қайтаратын болды

PaySpace Magazine

Халықаралық Fitch рейтингтік компаниясы Еуропалық одақтың санкциясына ұшыраған Ресейдің барлық компаниялары мен бөлімшелерінің рейтингісін жоятынын мәлімдеді.

Шара 15 сәуірге дейін жүзеге асырылады. Компания бұл туралы өзінің сайтында жариялады.

Айта кетейік, Еуропалық одақтың наурыздың 15-і күнгі қабылдаған санкцияларына сай еуропалық агенттіктерге ресейлік тұтынушыларға рейтингтік қызмет көрсетуіне тыйым салынған. Ал FITCH компаниясы Ресейдегі қызметін тоқтататыны туралы наурыздың 8-інде жариялаған.