Әр бесінші украиналық бас сауғалауға мәжбүр

Әр бесінші украиналық бас сауғалауға мәжбүр

Қарулы қақтығыс басталған бір айдан бері Украина халқының 10 млн-ға жуығы тұрғылықты үй-жайын тастап, босып кеткен.

Бұл халықтың 25 проценті, яғни әр бесінші украиналық бас сауғалауға мәжбүр.

Бұл туралы БҰҰ мәлімдеді.

Бүгінге дейін 3 млн 200 мыңнан астамы шетел асқан. Млн-даған адам Украинаның солтүстігі мен шығысынан елдің батыс өңіріне ауа көшкен. Польшаға кеткен украиналық босқындардың саны екі млн-нан асты. БҰл туралы Польша мемлекеттік кеден қызметі мәлімдеді. Польша тарабы азып-тозып жеткен украиналықтарға азық-түлік, жатын орын және құжат рәсімдеуге көмек беріп жатыр. Краков қаласындағы босқындар мен Польша азаматтары алаңға шығып, Еуроодақты Украина аспанын Ресей шабуылынан қорғауға шақырды.