Германия Ресей энергия ресурсынан қашан бас тартады 

Германия Ресей энергия ресурсынан қашан бас тартады 

Ресейдің энергия ресурстарынан қашан бас тартатынын елдің вице-канцлері, экономика министрі Роберт Хабек мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Саясаткердің айтуынша, Германия жазға қарай Ресей мұнайының импортын 2 есе азайтады. Ал биыл одан біржола бас тартпақ. Бұдан басқа Германия Ресей көмірінің де көлемін 2 есе кемітіп, күзде мүлде тоқтатады. Газ импорты осы айда 55 проценттен 40 процентке төмендейді. Естеріңізге сала кетейік, Германия Катармен ұзақ мерзімді энергетикалық ынтымақтастыққа қол жеткізген. Осы келісім аясында сұйытылған табиғи газ жеткізіледі. Бұл жобаға Еуроодақтың басқа елдері қосылмақ ниетте.

Роберт Хабек, вице-канцлер, ГФР экономика министрі:

– Келесі жылға дейін біз сұйылтылған газды қабылдау мүмкіндігімізді кеңейтеміз деп уәде бере алмаймын, себебі бұл істі жоспарлау және құру үдерісі 5-7 жылға созылады. Бірақ қазір біз мұны жеделдете аламыз деп айта аламын. Сонда жазға қарай Германияның Ресей газына тәуелділігі біршама азаяды. Жоспарымыз осындай. Қазірдің өзінде Ресей көміріне, мұнайы мен газына тәуелділік азайып келеді.